jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Құтқарушылар Жаңа жыл қарсаңында елордалықтарға үндеу жасады

Жаңа жыл
Қыс. Көрнекі фото: pxhere.com

Жаңажылдық мереке күндері елордада ауа температурасы көтерілуі мүмкін. Осыған байланысты астаналық құтқарушылар тұрғындарды мұзға шықпауға шақырды, деп хабарлайды қала әкімдігі ресми сайтында.

"Жаңажылдық мерекелер кезінде елордада ауа райы -2-ден +1 градусқа дейін жылынады, бұл мұздың күрт еруіне және қалыңдығының төмендеуіне әкеледі. Құтқарушылар астаналықтарға ескерту жасап, су айдындарына барудан бас тартуды сұрайды", - делінген хабарламада.

Желтоқсан айының соңына қарай ауа температурасының жоғарылауы мұздың еруіне және оның жұқаруына әсер етеді.

Осыған байланысты мұзда болған кезде күтпеген және төтенше жағдайларды болдырмау үшін Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда акваторияларының мұз бетінде қандай да бір бұқаралық спорттық іс-шараларды, ойындарды, сырғанауларды өткізуден бас тартуды ұсынады.

"Мұзда қауіпсіз болудың негізгі шарты оның қалыңдығының қоса берілген жүктемеге сәйкестігі: бір адам үшін – кемінде 10 сантиметр, ал бұқаралық спорттық, мерекелік іс-шараларды және автокөлік өткелдерін ұйымдастыру үшін кемінде 25 сантиметр", - делінген хабарламада.

Құтқарушылар Жаңа жыл қарсаңында елордалықтарға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.