jitsu gif

Астанада қар аралас жаңбыр жауды: әкімдік қалалықтарға үндеу жасады

Астанадағы қардан тазарту жұмысы
Астанадағы қардан тазарту жұмысы. Фото: gov.kz

Бүгін Астанада жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсті. Көшелерді тазарту үшін коммуналдық қызметтер 1000-нан астам арнайы техника мен 700-ге жуық жол жұмысшыларын жұмылдырды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Ведомство мәліметінше, қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, сондай-ақ қар тазалау бағыттарын түзетеді.

"Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіреберіс жолдар және тағы басқасы қардан тазартылады", - делінген әкімдік хабарында.

Осы орайда әкімдік өкілдері автокөлік жүргізушілерін жолда мұқият болуды, жылдамдық режимін сақтауға шақырды.

Айта кетейік, синоптиктердің болжамына қарағанда бүгін де Астанада қар жауып, желдің екпіні 14,4 м/с-қа дейін жетеді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.