Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2024 жылғы қаңтар айында Қазақстанда ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Қыстың күні Алматы көшесінде серуендеп жүрген тұрғын
Қыстың күні Алматы көшесінде серуендеп жүрген тұрғын. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 2024 жылғы қаңтар айына арналған ауа райын болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспаcөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың айтуынша, қаңтар айында Қазақстанның ауа райына Атлантикалық циклондар әсер етеді. Сондықтан республиканың басым бөлігінде жауын - шашын (жаңбыр, қар), солтүстік өңірлерде жиі қар жауады деп болжанған.

Республика бойынша жылдың бірінші айында бұрқасын, көктайғақ, желдің 15-28 м/с дейін күшеюі күтіледі.

3 қаңтардан бастап Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасы аз уақытқа төмендейді:

  • республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде -3...+2°С-тан -20...-27°С-қа дейін, күндіз -3...+2°С-тан -7...-15°С-қа дейін;
  • еліміздің орталығында және шығысында түнде 0...-8°С-тан -20...-28°С-қа дейін, күндіз 0...-5°С-тан -5...-18°С-қа дейін.

Синоптиктер бірінші онкүндіктің екінші жартысында Қазақстанның солтүстік жартысында аяздың бет қайтады болжады:

  • түнде -5...-15°С дейін, күндіз -3...-8°С дейін.

Қаңтардың бірінші онкүндігінің соңында, екінші онкүндігінің басында антициклонның күшеюімен түнде температура қайтадан -18...-25°С дейін төмендейді.

Еліміздің батыс өңірлерінде қаңтар айының басында ауа температурасының түнде -3...+5°С-тан 0...-10°С-қа дейін, күндіз -3...+7°С-тан 0...-5°С-қа дейін төмендеуі күтіледі. Айдың екінші жартысында – түнде -10...-18°С-қа дейін, күндіз -3...-10°C-ға дейін ары қарай төмендейді, бірінші онкүндіктің соңында ғана күн жылынады.

Республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы түнде -5...+5°С-тан -3...-15°С-қа дейін, күндіз +5...+10°С-тан -8...+3°С-қа дейін өзгеруі болжанады.

Консультативтік болжамға сәйкес 2024 жылғы қаңтардың екінші және үшінші он күндігінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының жиі өзгеруі күтіледі. Атап айтқанда, аязды күндер жиілеп, қар жиі жауып, бұрқасын болуы ықтимал.

Сонымен қатар қаңтарда ауа массалары өзгеріп, көктайғақ болып, тұман түседі деп күтілуде.

Ауа температурасы солтүстік жартысында және шығысында түнде -3...-13°С дейін, күндіз -5...+5°С дейін республиканың оңтүстік жартысында және батысында түнде -5...+5°С дейін, күндіз +5...+15°С дейін жоғарылайды.

Қаңтар айының соңында ауа температурасы төмендеуі мүмкін: Қазақстынның солтүстік жартысында, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында термометр көрсеткіші түнде -22...-30°С дейін, күндіз -12...-20°С дейін боласа Қазақстанның оңтүстік жартысында және батысында түнде -13...-23°С дейін, күндіз -3...-13°С-ты көрсетеді.

Қаңтар айында Қазақстан аумағы бойынша температуралық фон климаттық нормадан 1...-2°жоғары болады деп күтілуде.

Жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде норма шамасында, елдің солтүстік-батыс жартысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп болады деп болжануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053353-2024-zyldyn-qantar-aiynda-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel