Жаңа жыл қарсаңында Астана әуежайында 500-ден астам адам рейсін күтіп қалды
Опубликовано:
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана халықаралық әуежайында 500-ден астам жолаушы өз рейсін күтіп отыр, деп хабарлайды әуежай Telegram-дағы ресми арнасында.
"Астана халықаралық әуежайы атынан жолаушыларға ыстық сусын мен ыстық тамақ таратылады.
Қолайсыз ауа-райында әуежай қызметіне қолдау көрсетіп жатқан жолаушыларға алғысымызды білдіреміз", - деп хабарлады Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бүгін түске дейін Астана әуежайы ұшақтарды қабылдауды уақытша тоқтатып, ондаған рейс кешігіп жатқанын хабарлаған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2053419-zana-zyl-qarsanynda-astana-auezaiynda-500-den-astam-adam-reisin-kutip-qaldy/