Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана-Көкшетау" бағытында қосымша электр пойызы қатынады

Опубликовано:

Электр пойызы
Электр пойызы. Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ

"Жолаушылар тасымалы" АҚ ауа райының қолайсыздығына байланысты "Астана-Көкшетау" бағыты бойынша қосымша электр пойызын іске қосты, деп хабарлайды компания Telegram-дағы ресми арнасында.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығынан автокөлік қозғалысының тоқтатылуына байланысты ҚТЖ-да көліктің баламалы түрлерін пайдалануға мүмкіндігі жоқ азаматтарды тасымалдау үшін қосымша пойыз тағайындау туралы жедел шешім қабылданды.

Белгілі болғандай, 30 желтоқсанда сағат 17.00-де Астанадан №6831/6832 "Астана - Көкшетау" қосымша электр пойызы жөнелтілді. Жолаушыларға 390 орын ұсынылды. Кері бағытта пойыз Көкшетаудан сағат 22.35-те жолға шығады.

"Вокзалдар мен пойыздарда жолаушылар ағынының күрт өскенін ескере отырып, "Жолаушылар тасымалы" АҚ сапарлардан бас тартуды ұсынады және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды", -деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053426-astana-koksetau-bagytynda-qosymsa-elektr-poiyzy-qatynaidy/

pixel