jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады

қар
Қар тазалау жұмысы. Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана әкімдігі 31 желтоқсанда ауа райының нашарлауына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігінің ресми Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, коммуналдық қызметтер тұрғындардың ыңғайлы жүріп-тұруы үшін тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті.

31 желтоқсанда елордада қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 20 м/с, кей жерлерде 28 м/с жетеді.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарын жолда аса сақ болуды, жол қозғалысы ережелерін сақтауды және ұзақ сапарға шықпауды сұраймыз", - делінген ресми хабарламада.

Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, қысқы кезең басынан бері елорда көшелерінен 800 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Бұл шамамен 60 мың жүк рейсін құрайды.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.