Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы қолайсыз күн райы: әуе компаниялары рейстер қалпына келтіріліп жатқанын хабарлады

Опубликовано:

Ұшақ
Ұшақ. Көрнекі фото: facebook/airastana

Бүгін, 31 желтоқсанда Астанада ауа райының жақсаруына байланысты рейстер кестесі біртіндеп қалпына келтіріліп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Air astana әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Компанияның Telegram-дағы ресми мәліметіне қарағанда, сағат 07:00-ден бастап Астанадан 10-ға жуық ішкі және халықаралық рейс ұшып, сонша рейс ұшып келді.

Орындалмаған рейстердің жолаушыларын жеткізу үшін әуекомпания Алматы мен Астана арасында екі қосымша рейс енгізді.

Компания өкілдері 30 желтоқсанда әуекомпанияның 40 рейсі кешікті және 20 рейсі орындалмағанын еске салады. Дубайда 200 жолаушы және Ыстамбұлда 80 жолаушы қонақүйге орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ сатып алу орнында әуе билеттерін тегін қайта брондау және билет құнын қайтару ұсынылады.

Рейстердің қалпына келтірілгені туралы FlyArystan әуе тасымалдаушысы да хабарлады.

Еске сала кетейік, Астанада ауа райының қолайсыздығынан рейстер жаппай тоқтатылды. 30 желтоқсанда таңертең елорда әуежайы ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшақтарды қабылдауды тоқтатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053474-astanadagy-qolaisyz-kun-raiy-aue-kompaniyalary-reister-qalpyna-keltirilip-zatqanyn-xabarlady/

pixel