jitsu gif branding logo appbranding logo app

2024 жылдың алғашқы күнінде еліміздің басым бөлігінде дауылдық ескерту жарияланды

шырша алып бара жатқан тұрғын
Шырша алып бара жатқан тұрғын. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты 1 қаңтарда бірқатар өңірде дауылдық ескерту жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, 1 қаңтарда Ұлытау облысының солтүстігінде бұрқасын, жел күтіледі. Облыстың солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

1 қаңтарда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және Қарағанды қаласында бұрқасын, көктайғақ, түнде және таңертең облыстың оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Сондай-ақ өңірде жел тұрып, солтүстікте екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал.

1 қаңтарда Астана қаласында бұрқасын, көктайғақ, жел (екпіні 15-20 м/с) күтіледі.

1 қаңтарда Атырау облысында және Атырау қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, Атырау қаласында күндіз екпіні 15-18 м/с.

1 қаңтарда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және Ақтөбе қаласында көктайғақ, бұрқасын, жел күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, Ақтөбе қаласында түнде екпіні 15 м/с.

1 қаңтарда Ақмола облысының басым бөлігінде және Көкшетау қаласында бұрқасын, көктайғақ, жел күтіледі. Желдің екпіні аймақта 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с-қа, Көкшетау қаласында 23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

1 қаңтарда күндіз Павлодар қаласында және Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, жел күтіледі. Облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с.

1 қантарда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, түнде облыстың оңтүстік-батысында, батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ, жел күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-батысында, батысында желдің күші 15-20, 25 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде 23-28 м/с.

Петропавл қаласында да 1 қаңтарда бұрқасын, күндіз көктайғақ, жел (күндіз желдің күші 15-20 м/с) күтіледі.

1 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және Орал қаласында бұрқасын, көктайғақ, жел күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с, Орал қаласында күндіз екпіні 18 м/с.

1 қаңтарда Жамбыл облысының таулы аудандарында және Тараз қаласында тұман, сонымен қатар өңірде жел күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с.

1 қаңтарда түнде Семей қаласында түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ, жел күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында желдің екпіні 15-20, 23 м/с.

1 қаңтарда түнде және таңертең Өскемен қаласында, түнде Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, жел күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде желдің екпіні 15-20, 23 м/с.

1 қаңтарда Қостанай қаласында және Қостанай облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с, Қостанай қаласында желдің күші 9-14, екпіні 15-20 м/с.

1 қаңтарда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында және Ақтау қаласында (түнде және таңертең) тұман күтіледі.

1 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, жел күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың тау асуларында желдің күші 15-20 м/с.

1 қаңтарда кей уақытта Шымкент қаласында да тұман күтіледі.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.