Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері елдің кей өңірлерінде 25 градус аяз болады деп күтіледі

Опубликовано:

Жолда келе жатқан көлік
Қарлы боран. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болатынын болжады. Елдің солтүстігінде қатты аяз болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады.

"Жауын-шашын, негізінен қар, боран, көктайғақ, екпінді жел болады. Тек елдің оңтүстік-шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде түнде температураның 0...-13-тен -5...-25 градусқа дейін өзгеруі күтіледі", - делінген хабарламада.

Бұған дейін синоптиктер 3 қаңтарда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қандай ауа райы күтілетінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053696-qazaqstannyn-qai-onirlerinde-25-gradus-ayaz-bolatyny-aityldy/

pixel