jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Алматыда қай жерде конькимен тегін сырғанауға болады

Алматыдағы тегін мұз айдыны
Алматыдағы тегін мұз айдыны. Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда тегін сегіз мұз айдыны ашылды, тағы төртеуі қаңтар айында іске қосылады деп күтіледі. Бұл туралы Алматы әкімдігі Telegram арнасында хабарлады.

"Ауа райының жылы болуына байланысты мұз айдындары мұздың дайын болғанына қарай ашылады. Кіру тегін. Конькиді сол жерден жалға алуға болады, жалға алу құны 1000 (2 сағат) теңге. Өзіңіздің конькиіңізбен сырғанау толықтай тегін", - делінген хабарламада.

Ведомство ақпаратынша, жалға беру пункттері жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал мұз айдындары тәулік бойы ашық болады.

Тегін мұз айдындарының мекенжайы:

  • Республика сарайының алдында;
  • 28 панфиловшылар саябағы;
  • Тұңғыш президент саябағы;
  • Орталық стадион;
  • М.Әуезов атындағы театр;
  • Н.Сац атындағы театр;
  • "Гүлдер" саябағы;
  • №6 оқушылар үйі.

Мұз айдыны ашылатын жерлер:

  • Шухов көшесіндегі саябақ;
  • "Авиатор" стадионы;
  • Наурызбай ауданы әкімдігінің аумағы;
  • Абай атындағы ҰОБТ.
Алматыда қай жерде конькимен тегін сырғанауға болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.