Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 1-сынып оқушылары қыста екі рет каникулға шығады

Опубликовано:

Мұғалім мен оқушы
Мұғалім мен оқушы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алдағы дүйсенбіде қазақстандық оқушылар сабаққа оралады. Келесі каникул наурыздың аяғында болады. 1-сынып оқушылары қыста екі рет каникулға шыға алады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылының басталу мерзімін, ұзақтығын және каникул кезеңдерін бекітті.

Орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылы 1 қыркүйекте басталды, 25 мамырда аяқталады.

Оқушылардың каникул кестесі
Оқушылардың каникул кестесі. Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Бірінші тоқсанда оқу уақыты - 8 апта, күзгі каникул 30 қазаннан 5 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылды.

Екінші тоқсанда 8 оқу аптасы, қысқы каникул 2023 жылдың 29 желтоқсанында басталады, 2024 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасты. Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. 11 күндік көктемгі каникул 2024 жылдың 21 наурызында басталып, 31 наурызға (қоса алғанда) дейін жалғасады.

Оқушылардың демалыс кестесі
Оқушылардың демалыс кестесі. Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

"Айта кетейік, жыл сайын бірінші сынып оқушыларына үшінші тоқсанда қосымша демалыстар беріледі, ұзақтығы 7 күн – 2024 жылдың 5 ақпанынан 11 ақпанға (қоса алғанда) дейінгі уақытты қамтиды. Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды. Сондай-ақ 25 мамырда қорытынды шығарылып, оқу жылы аяқталады", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053912-qazaqstanda-1-synyp-oqusylary-qysta-eki-ret-kanikulga-sygady/

pixel