Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстан облысында 24 жастағы жігіт бір жарым айдан бері табылмай жатыр

Опубликовано:

Илья Колобухов
Илья Колобухов. Фото: instagram.com/volontery_uka_lider.kz

24 жастағы Риддер қаласының тұрғыны Илья Колобуховты бір жарым айдан бері іздеп жатыр. Жас жігіт өткен жылдың 21 қарашасында жоғалып кеткен. Оны іздестіру жұмыстарына тәртіп сақшылары мен еріктілер жұмылдырылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Іздеу жұмыстары туралы ақпарат Шығыс Қазақстан облысындағы LIDER.KZ еріктілер қозғалысының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

1999 жылы туған Колобухов Илья Игоревич із-түссіз жоғалды. Оны соңғы рет 2023 жылдың 21 қарашасында RidderHutte спорт базасында көрген. Үстінде ақ қалпақ, көк күрте, сұр шалбар және қою көк кроссовка болған. Белгілері бойынша: бойы 170-180 сантиметр, қоңыр көзді, аққұба.

ШҚО ПД іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатқанын хабарлады. Арыз құқық қорғау органдарына 22 қарашада келіп түскен.

"Бұл дерек белгіленген тәртіппен тіркелді. Қазіргі уақытта еріктілермен бірге із-түзсіз жоғалған азаматтың мекенжайын анықтауға бағытталған іздестіру шаралары жүргізілуде. Ол туралы білетіндер болса, 102 арнасына хабарласуын сұраймыз", - деп хабарлады ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053971-sygys-qazaqstan-oblysynda-24-zastagy-zigit-bir-zarym-aidan-beri-tabylmai-zatyr/

pixel