jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

"Көліктер арнайы белгімен таңбалануға тиіс": полиция қазақстандықтарға үндеу жасады

Көлікке орнатылатын арнайы белгі
Көлікке орнатылатын арнайы белгі. Видеодан кадр: Telegram/PolisiaKZ

Газ баллондарымен жабдықталған көлік иелері енді автосын "GAS" деген жазуы бар сары теңбүйірлі үшбұрыштың сәйкестендіру белгісімен таңбалауға тиіс. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"1 қаңтардан бастап елімізде ҚР СТ 1412-2017 "Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану қағидалары” ұлттық стандартына толықтырулар енгізілді. Оған сәйкес, газ баллондармен жабдықталған көліктерге арнайы белгі қою керек. Яғни газ баллондарымен жабдықталған автомобильдер "GAS" деген жазуы бар сары теңбүйірлі үшбұрыштың сәйкестендіру белгісімен таңбалануға тиіс", – делінген ресми хабарламада.

ІІМ өкілдері бұл белгі жабық паркингтерде көлік оңай танылу үшін орнатылатынын түсіндірді. Аталмыш шара қауіпсіздік мақсатында енгізілді.

Осыған байланысты Түркістан облысының полицейлері автокөлік жүргізушілерін тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

"Тәртіп сақшылары облыс орталығында автокөліктерді тоқтатып, газ баллон жабдығы бар автокөлік иелеріне тану белгісін орнату қажеттігі туралы айтты", – делінген ведомство мәліметінде.

"Көліктер арнайы белгімен таңбалануға тиіс": полиция қазақстандықтарға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.