Қар, жаңбыр және 30 градус аяз: апта соңында Қазақстанда ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнде – 5-8 қаңтар аралығында Қазақстанда күн райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды метеорологиялық қызметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қазгидрометтің" ресми сайтының жазуынша, алдағы тәуліктерде белсенді атлантикалық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, оңтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады.
6 қаңтарда солтүстік-батыста қалың қар, оңтүстікте қар аралас жаңбыр, 7 және 8 қаңтарда солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қар жауады деп болжанды. Республиканың солтүстік жартысында қатты жауын-шашынмен бірге көктайғақ, бұрқасын болады.
Апта соңында республиканың барлық аумағында тұман түсіп, жел күшейеді деп болжанып отыр.
Синоптиктердің болжамынша, солтүстік-батыс антициклон сілемі әсерінен суық ауа массаларының басып кіруі елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында ауа температурасының күрт төмендеуіне әкеледі.
Осыған орай батыста және солтүстік-батыста түнде ауа температурасы 8-25 градус аязға дейін, солтүстікте минус 5-30 градусқа дейін, республиканың шығысында минус 5-18 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік облыстарда түнде негізгі ауа температурасы -5 пен +7 градус аралығында болады.
Қатты аяз бен қарлы боранда қандай сақтық шараларын ұстанған жөн
Біздің облысымыздың шұғыл континентальды климатының суыту қаупі кез келген жыл мезгілінде, әсіресе қыста адамдарға қауіп төндіреді.
Өңірдегі төтенше жағдайлар қызметінің бірі ресми сайтында қолайсыз ауа райында ерекше қырағы болуды, күн райы туралы ақпаратты қадағалап отыруды, сондай-ақ сырттағы ауа температурасын бақылауды ұсыныпты.
"Суық күнде, әсіресе қатты аязда хал-жайыңызды бақылауда ұстаңыз, тоңып қалудан сақ болыңыз. Ең жиі тоңатын құлақ, мұрын, аяқ-қол, саусақ екенін есте ұстаңыз", - делінген сайта жарияланған нұсқаулықта.
Боран мен күртік қар ерекше қауіпті болып саналады. Осыған орай төтеншеліктер жолдағы адамдарға мынандай кеңес берді:
- егер жолда бірнеше адам бірге болса (бірнеше көлікпен), барлығы бір жерге жиналып, бір көлікті паналаған жөн, міндетті түрде қозғалтқыштың суын ағызып жіберу керек;
- паналаған көлікті тастап кетуге болмайды, қатты боранда бағыттан адасып қалуыңыз мүмкін;
- көліктің капотын желге қарсы орналастыру керек, барынша жылы киіп, жанармайды үнемдеу керек, пешті үздіксіз қосып қоюға болмайды;
- есіктердің бірін жиі ашып отыру керек, салонның сыртынан қар бітеп қалмас үшін күртік қарды жылжытып, құлатып отыру қажет:
- егер көлік салонын жылыту үшін қозғалтқышты қоссаңыз, онда мезгіл-мезгіл далаға шығып, шыққан газ көліктің астына кетпей атмосфераға кету үшін газ шығатын түтікті қардан тазалап қойыңыз. Мотор жұмыс істеп тұрғанда бөлінетін пайдаланылған газ көлік салонына бірте-бірте жиналса, ол сұрапыл аяздан да қауіпті болуы мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054071-qar-zanbyr-zane-30-gradus-ayaz-apta-sonynda-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.