Боран, тұман және көктайғақ: синоптиктер кей өңірде қолайсыз ауа райы болатынын ескертті
Жарияланған күні:
Астанада және Қазақстанның басқа да бірқатар өңірінде ертең, 6 қаңтарда синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады. Бұл туралы "Қазгидрометке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше, ертең Астанада тұман түседі, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.
Ұлытау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында сенбіде тұман, кей жерлерде көктайғақ күтіледі.
Қарағанды және Маңғыстау облыстарында қарлы боран, көктайғақ, кей жерлерде тұман болады деп болжанған.
Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Абай облыстарында боран болады деп күтіледі. Кей жерде тұман мен қатты жел болуы мүмкін.
Ақмола облысында синоптиктер ертең қарлы боран, жолдарда көктайғақ болады деп болжап отыр.
Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі, кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында синоптиктер боран мен желдің екпіні 15-20 м/с дейін болады деп ескертеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054179-boran-tuman-zane-koktaigaq-sinoptikter-kei-onirde-qolaisyz-aua-raiy-bolatynyn-eskertti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.