Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініш беру 9 қаңтарға дейін ұзартылды

Опубликовано:

Емтихан тапсырып отырған талапкер
Емтихан тапсырып отырған талапкер. Көрнекі фото: Рixabay.com

Қазақстанда қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініш беру 9 қаңтарға дейін ұзартылды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініш беру 9 қаңтарға (қоса алғанда) дейін ұзартылады. Өңірлерде қосымша орындар ашу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы ақпарат парақшада дүйсенбі күні жарияланады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрлік өкілдері бос орындар туралы жалған ақпарат таратушыларға сенбеуді және өзекті жаңалықтарды тек ресми ақпарат көздерінен, яғни әлеуметтік желілердегі министрлік парақшалары мен www.testcenter.kz сайтынан оқу керегі ескертілген.

Еске салайық, былтырғы қыркүйек айында Ұлттық тестілеу орталығы өкілдері ҰБТ-да 2024 жылы "математикалық сауаттылық" және "оқу сауаттылығы" пәндері бойынша шекті балл 3 балға дейін төмендетілгенін хабарлаған.

Сондай-ақ, министрлік басшысы ҰБТ-дағы пәндер саны өзгеріссіз қалатынын мәлімдеген - үшеуі міндетті және екеуі таңдау арқылы. Алайда, "Оқу сауаттылығы" және "математикалық сауаттылық" міндетті пәндері бойынша тапсырмалар саны 5 сұраққа азаяды. Сонымен қатар бейіндік пәндер бойынша сұрақтар саны 40-қа дейін артады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054181-qantar-aiyndagy-ubt-ga-otinis-beru-9-qantarga-deiin-uzartylady/

pixel