Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында екі апта бұрын жоғалып кеткен келіншек табылды

Опубликовано:

Құшағын ашып тұрған бойжеткен. Көрнекі сурет
Құшағын ашып тұрған бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы облысында 2023 жылдың 25 желтоқсанында жоғалып кеткен 33 жастағы екі баланың анасы табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның хабарлауынша, 2023 жылдың 25 желтоқсанында Алматы облысы ішкі істер департаментіне із-түзсіз жоғалған әйелдің туыстары хабарласқан.

"Барлық қажетті іздестіру шаралары басталып, нәтижесінде жоғалған әйелдің орналасқан жері анықталды. Ол жақындарына табысталды", - деді Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, болашақта мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін әйелмен тиісті профилактикалық шара жүргізілді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы облысында екі баланың анасы екі аптадан бері табылмай жатқаны хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054239-almaty-oblysynda-eki-apta-buryn-zogalyp-ketken-kelinsek-tabyldy/

pixel