Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда 600-ден астам өлі аққу табылды

Опубликовано:

Өлі аққу
Өлі аққу. Фото: instagram.com/azamat_sarsenbayev

Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлінде өлген аққулардың саны 600-ден асты. Бұл мәселені облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жиын барысында көтерді, деп жазады Lada.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жиында облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов өлген құстардың саны туралы ақпарат күн сайын жаңартылып отыратынын айтты.

"6 қаңтардағы жағдай бойынша біз 601 аққудың өлімін тіркедік. Олардың 90 пайыздан астамы жас аққулар. Біз Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығының орнитологтарының қосымша зерттеулер жүргізуін күтеміз", - деді ол.

Алғашқы талдау нәтижесі аққулар құс тұмауын жұқтырудан өлген болуы мүмкін екенін көрсетті.

"Азиялық H5N1 штаммы табылды. Бұл вирус адамдарға өте сирек жұғады. Ал құстарға көбірек әсер етеді. Басқа жануарлар ауруды симптомсыз алып жүреді. Өткен жылы ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес қауіп төнген аймақта 6000 құсқа екпе егілді" , – деді ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Темірбек Нұртазин.

Маманның айтуынша, облыстың ветеринарлық қызметі жеке шаруашылықтардағы құстардың эпизоотиялық жағдайына күнделікті мониторинг жүргізеді.

Бұл ретте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев құстардың қырылуына қатысты жағдай жан-жақты тексеруді қажет ететінін баса айтты.

Сонымен қатар мамандар облыс тұрғындарынан аққуларға жем бермеуді сұрады.

"Біз тұрғындарға өңіріміздің табиғатын сақтауға белсене атсалысқаны үшін алғыс айтамыз, бірақ бұл мәселеге барынша саналы түрде қарауларыңызды сұраймыз.Таяз Қаракөл көлі жағдайында азықтандыру бүкіл экожүйеге аса қауіп төндіруі мүмкін.

Сондай-ақ аққулар құрғақ дәнмен ғана қоректенбейді, олар су астындағы өсімдіктермен қоректенеді", - деп атап өтті "Үстірт" мемлекеттік тарихи қорығының директоры Жасқайрат Нұрмұхамбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054272-mangystauda-600-den-astam-oli-aqqu-tabyldy/

pixel