Павлодар облысында мамандар құзға құлаған автобустың шамамен қай жерде жатқанын анықтады
Жарияланған күні:
Павлодар облысында 4 қаңтарға қараған түні Майқайың кеніші шахтасының жанында автобус карьерге құлап кетіп, екі адам қаза тапқан еді. Құтқарушылар геосканерлеудің көмегімен Майқайың кенішінде жер астына кеткен автобустың шамамен қай жерде жатқанын анықтады, деп хабарлайды Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның хабарлауынша, геосканерлеу нәтижелері бойынша автобустың жер астында шамамен қай жерде жатқанын анықталған.
Баспасөз қызметі опырылған жердің тереңдігі 150 метр деп түсіндірді. Ал жоғалған автобус 5 метр тереңдікте орналасуы мүмкін.
"Металл зат. Болжам бойынша, автобус табылды", - деп мәлім етілді департамент хабарламасында.
Еске салайық, Павлодар облысында 4 қаңтарға қараған түні Майқайың кеніші шахтасының жанында автобус карьерге құлап кетіп, екі адам қаза тапқан еді. Олардың денесі жер бетіне шығарылды.
Облыс әкімі Асайын Байхановтың айтуынша, автобуста 4 адам болды - Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының Павлодар филиалының 3 қызметкері мен автобус жүргізушісі.
Асайын Байханов оқиға орнынан видео жариялады.
Сонымен бірге Павлодар облысының полициясы "Майқайың-алтын" АҚ аумағындағы апатқа қатысты тергеуді бастады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054280-pavlodar-oblysynda-apatqa-usyragan-avtobustyn-boluy-mumkin-oryny-anyqtaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.