jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Астанада қалың қар жауды: көшелерді жүздеген адам мен мыңнан аса техника тазартып жатыр

Астанада көшелерді қардан тазартып жүрген арнайы көліктер
Астанада көшелерді қардан тазартып жүрген арнайы көліктер. Фото: Астана әкімдігінің сайты

Жауын-шашынның мол түсуіне байланысты елорданың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеп, қала көшелерін қардан тазартуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, 300-ден астам жол жұмысшысы 1200-ден астам техникамен түнгі ауысымда көшелерді қардан тазартуға шықты.

Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмауы үшін қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ орташа қозғалыс қарқындылығы бар учаскелер - алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және тағы басқасы қардан тазартылады.

Айта кетейік, 7 қаңтарда Астана көшелерінен 35 мың текше метрден астам қар шығарылған, бұған 2741 жүк рейсі қажет.

"Қыс маусымының басынан бастап елордада 1 406 985 текше метр қар шығарылды, бұл 103 мыңнан астам ауыр жүк рейсі", - делінген сайт хабарында.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 8 қаңтарда Астанада ауа райы бұлтты, кейде қалың қар, боран болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м /с дейін күшеюі күтіледі. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-2 градус аязды көрсетіп тұр.

Астанада қалың қар жауды: көшелерді жүздеген адам мен мыңнан аса техника тазартып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.