Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нұр-Сұлтан" және "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол" теміржол станцияларының атауы өзгеруі мүмкін

Опубликовано:

Астанадағы теміржол станциясы
Астанадағы теміржол станциясы. Фото: astanavokzal.kz

Астанада "Нұр-Сұлтан" және "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол" теміржол станцияларының атауы өзгеруі мүмкін. Тиісді қаулы "Ашық үкімет" нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылау алаңында жарияланды.

Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойған құжатта елордадағы бірнеше теміржол станциясының атауын өзгерту мәселесі талқыға шығарылған.

"Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес теміржол стансалары мен разъездердің атаулары өзгертілсін", - делінген қаулыда. Сондай-ақ құжатта 2-қосымшаға сәйкес теміржол стансалары атауларының транскрипциясы өзгертілуі керегі айтылған.

Өзгерістер мынадай:

  • "ҚТЖ-Жүк тасымалы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - "БП Ақмола бөлімшесі" филиалының Нұр-Сұлтан темір жол станциясы Астана темір жол станциясы болып өзгереді;
  • "ҚТЖ-Жүк тасымалы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - "БП Ақмола бөлімшесі" филиалының Нұр-Сұлтан Нұрлы жол теміржол станциясы Нұрлы жол теміржол станциясы болып өзгереді.

Сондай-ақ құжатта Жетісу облысындағы 13 темір жол разъезін Ақши темір жол разъезі деп өзгерту ұсынылып отыр.

Маңғыстау облысы бойынша да "ҚТЖ-Жүк тасымалы" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – "Батыс" филиалының Маңғыстау бөлімшесінің бірқатар станциясының атауын былай өзгерту ұсынылған:

  • 1 темір жол разъезі Күйкен темір жол разъезіне;
  • 10 темір жол разъезі боздақ темір жол разъезіне;
  • 460 темір жол разъезі Сарға темір жол разъезіне;
  • тірек теміржол станциясы Боранқұл теміржол станциясына;

"ҚТЖ - Жүк тасымалы" ЖШС - "Батыс" филиалының Маңғыстау бөлімшесінің Майкөмген теміржол разъезіне Толтыр теміржол разъезі деген атау беру ұсынылған.

Ал атауларының транскрипциясы мына станцияларда өзгереді:

Ақмола облысы бойынша:

  • Джалтыр станциясы-Жалтыр станциясы;
  • Кошеку станциясы-Косшоки станциясы;

Маңғыстау облысы бойынша:

  • Сай-Утес станциясы-Сайөтес станциясы;
  • Өзен станциясы-Жаңаөзен станциясы;

Батыс Қазақстан облысы бойынша:

  • Орал станциясы-Орал станциясы (құжатта станция атауы екі нұсқада да бірдей);

Жамбыл облысы бойынша:

  • Құмшағыл станциясы-Құмшағал станциясы;
  • Сүрім станциясы-Сұрым станциясы.

Құжатта осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетіні айтылады.

Еске салайық, Астанадағы станциялардың атауы 2019 жылы өзгерген. Сол кезде ҚР президентінің 23 наурыздағы қаулысы бойынша, Астана 1 станциясы Нұр-Сұлтан-1 болып, Астана-Нұрлы жол станциясы Нұр-Сұлтан Нұрлы жол болып өзгерген.

Айта кетейік, Астананың теміржол вокзалының тарихы 1929 жылдың қараша айынан басталады, бұл кезде Ақмолаға алғашқы пойыз келген еді. Вокзал ғимараты 1931 жылы ашылды. 1962 жылы наурызда Ақмола станциясы Целиноград станциясы, 2001 жылы Астана станциясы болып өзгертілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054634-nur-sultan-zane-nur-sultan-nurly-zol-temirzol-stanciyalarynyn-atauy-ozgerui-mumkin/

pixel