Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Вакцинацияны сәтті өттіңіз": Министрлік екпе алмаған адамға 1414 нөмірінен келген SMS нені білдіретінін түсіндірді

Жарияланған күні:

хабарлама
Қолына телефон ұстап тұрған адам. Көрнекі фото: pexels.com

Әлеуметтік желіде кейбір қазақстандықтарға қызылшаға қарсы вакцина алмаса да, "алдыңыз"деп хабарлама келіп жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Журналист Гүлбану Әниятқызы Facebook-тегі парақшасында 1414 нөмірінен келген осындай мазмұндағы хабарламаның скриншотын жариялады. Бұған қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тележурналист Гүлбану Әниятқызы өзіне 1414 нөмірінен вакцинациядан өткені туралы хат келгенін жазады. Өзінің айтуынша, ол ешқандай екпе салдырмаған.

"МӘМС-ке ай сайын ақшалай үлес қосқаным болмаса, емхананың бетін көрмегеніме бір жылдан асты-ау. Бірақ мені "ревакцинациядан сәтті өттіңіз" деп құттықтап қойыпты", - дейді жазбасында ол.

Сондай-ақ журналист денсаулық сақтау министрі үкіметте қызылшаға қарсы вакцинаның қосымша 1,5 млн дозасы сатып алынғаны туралы айтқанын еске салып өтті.

"Үкімет басшысы "оны қысқа мерзімде егу қажет" деді. Бұлар сонда миллиондарға алынған вакцинаны сыртымыздан салып, елді алдап жатыр ма?! Түсінбедім", - деп таңданыс білдіреді журналист.

вакцина туралы жазба
Гүлбану Әниятқызының Facebook-тегі парақшасы. Скриншот: KAZ.NUR.KZ

Бұған қатысты Денсаулық сақтау министрлігіндегілер ресми пікір білдірді. Ведомство өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, елде вакцина алғандарды есепке қою электронды форматта жүргізіледі.

"Министрлік вакцинамен басқарылатын ауруларға қарсы вакциналанған адамдардың электрондық есебін жүргізеді. Медицина қызметкерлері вакцинация жүргізгеннен кейін ақпаратты ақпараттық жүйеге енгізеді. Осыдан кейін пациентке вакцинадан өткені туралы, оның ішінде баласы вакцинацияланған болса ата-аналарына смс-хабарлама келеді", - дейді министрліктің баспасөз хатшысы.

Сонымен қатар министрлік вакциналау туралы ақпаратты азаматтар Egov mobile мобильді қосымшасында eDensaulyq бөлімінде, соның ішінде балалар бойынша ақпарат ала алатынын жеткізді. Сондай-ақ осы бөлімде ұлттық күнтізбеге сәйкес вакциналау туралы ақпарат бар.

Министрлік өкілі жоғарыда аталған жағдайға бөлек тоқталды.

"Егер пациент SMS алса (немесе eDensaulyq бөлімінде eGov mobile-де нақты емес ақпарат тапса), бірақ вакциналанбаған болса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласып, осы туралы хабарлай алады.

Сондай-ақ егер пациент eGov mobile-дағы eDensaulyq бөлімінде вакциналау факттері бойынша деректер жоқ екенін анықтаса, тіркелген жері бойынша емханаға хабарласып, деректерді ақпараттық жүйеге енгізуді растауы қажет", - деп жауап берді министрліктің баспасөз хатшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054754-quttyqtaimyz-vakcinaciyany-satti-ottiniz-ministrlik-ekpe-almagan-adamga-1414-nomirinen-kelgen-sms-neni-bildiretinin-tusindirdi/