Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада көшелердегі қалың қарды күреуге мыңнан астам техника, екі мыңнан астам адам жұмылдырылды (видео)

Опубликовано:

Астанадағы қар тазалау жұмыстары
Астанадағы қар тазалау жұмыстары. Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Астанада мың жарымнан астам арнайы техника мен екі жарым мыңнан астам жұмыскер көшелердегі қарды күреуге шықты. Елордада көшелерді қардан тазарту жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана әкімдігі ақпараты бойынша, 9 қаңтардан 10 қаңтарға қараған түні шамамен 50 мың текше метр қар шығарылған, бұл 3444 жүк рейсіне тең.

Қар тазалауға 1600-ден астам арнайы техника мен 2400-ден астам жұмсыкер тартылған.

Қыс түскелі елордада жалпы 1 654 224 текше метр қар шығарылды, бұл 121 мыңнан астам ауыр жүк рейсіне тең.

Қалада жиналған қар арнайы полигондарға шығарылады.

"Елордада бірнеше жабдықталған қар полигоны жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ТЖМ мәліметіне сүйенсек, "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша, Астанада бүгін күн бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (көбіне қар), боран болды.

Күндіз көктайғақ болған. Оңтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыс жел жылдамдығы 9-14 м/с, ал екпіні 15-20 м/с дейін, күндіз 23-28 м/с дейін жеткен.

Ауа күндіз -1... -3 аяз болса, түнде температурасы -16... -18 төмендейді деп күтіледі.

Еске салайық, бүгін синоптиктер Астана, Алматы мен Шымкентте 10 қаңтарда ауа райы қандай болатынын болжағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054859-astanada-kun-buzyldy-koselerdegi-qalyn-qardy-kureuge-mynnan-astam-texnika-eki-mynnan-astam-adam-zumyldyryldy/

pixel