jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Күн райының бұзылуына байланысты төтеншеліктер мәлімдеме жасады

Қарлы боранда кетіп бара жатқан әйел
Қарлы боран. Көрнекі фото: Getty images / Bill Hornstein

"Қазгидрометтің" мәліметі бойынша, еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды. Ауа райының нашарлауына байланысты 9 өңірде көліктің барлық түрлері үшін республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда қозғалыс тоқтатылды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайдар министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство өкілдері қазақстандықтарды қауіпсіздікке баса назар аударуға шақырды.

"Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз. Ұзақ сапардан және алыс жерге жаяу жүруден бас тартыңыздар, әсіресе түнде және дауылды ауа райы жағдайында. Көлік қозғалысына қойылатын шектеу және ауа райы жағдайы туралы ақпаратпен уақтылы танысып отырыңыздар", - делінген ведомствоның мәлімдемесінде.

Бұған қоса төтеншеліктер балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес берді.

Еске салсақ, синоптиктер 10 қаңтар бірқатар өңірде күн бұзылатынын айтып, дауылды ескерту жариялаған еді.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, батыс аймақтарда 11 және 13 қаңтарда, ал солтүстік аймақтарда 11 және 12 қаңтарда аяз болады, мұнда термометр бағаны түнде -20... -32 градусқа дейін төмендейді.

Күн райының бұзылуына байланысты төтеншеліктер мәлімдеме жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.