Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйеліне қол көтерген Рахат Тұрлыханов ісі бойынша апелляциялық шағым түсті

Опубликовано:

Рахат Тұрлыханов
Рахат Тұрлыханов. Фото: instagram.com/rakhat_turlykhanov

Әнші Рахат Тұрлыхановтың ісі бойынша сотқа апелляциялық шағым түсті. Бұл жөніндегі ақпарат Жоғарғы сот сайтындағы сот кабинетінде жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тұрлыхановтың ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-1-бөлігімен қаралған ісі бойынша сот кабинетінде апелляциялық шағым пайда болды. Порталдан апелляциялық шағым 2024 жылғы 10 қаңтар күні түскенін, кейін судьяға берілгенін көруге болады. Алайда шағымды қай тарап бергені белгісіз.

Еске салсақ, 2024 жылғы 9 қаңтарда Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Рахат Тұрлыхановқа қатысты ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-1 бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралғаны туралы ақпарат тарады. Ол өз жұбайын ұрды деп айыпталған. Тұрлыханов кінәлі деп танылып, әкімшілік ескерту алды.

10 қаңтар күні әнші Рахат Тұрлыханов пен оның әйелі Алтынай болған жайтқа қатысты видео үндеу жариялап, көпшілікке мән-жайды түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055049-aieline-qol-kotergen-raxat-turlyxanov-isi-boiynsa-appelyaciyalyq-sagym-tusti/

pixel