Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рахат Тұрлыханов ісі бойынша апелляциялық шағымды кім түсіргені мәлім болды

Жарияланған күні:

Рахат Тұрлыханов
Рахат Тұрлыханов. Фото: instagram.com/rakhat_turlykhanov

Әйелін соққыға жықты деп айыпталған Рахат Тұрлыхановтың ісі бойынша шығарылған сот шешіміне апелляциялық шағымды кім түсіргені белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Мәлім болғандай, бірінші инстанция сотының шешіміне прокурорлар келіспей, шағым түсірген.

"Наразылық қалалық сотқа жіберілді, сот өндірісінде", - деп хабарлады Алматы прокуратурасының өкілдері.

Еске салсақ, 2024 жылғы 9 қаңтарда Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Рахат Тұрлыхановқа қатысты ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-1 бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралғаны туралы ақпарат тарады. Ол жұбайын ұрды деп айыпталған.

Алматыда бұл дерек бойынша сот отырысы өтті, алайда тараптар татуласып, іс тоқтатылған. Тұрлыхановқа ескерту түріндегі жаза белгіленген.

10 қаңтарда әнші мен әйелі Алтынай болған жайтқа қатысты видео үндеу жариялап, көпшілікке мән-жайды түсіндірді.

Алайда көп ұзамай Тұрлыхановтың ісі бойынша сот кабинетінде апелляциялық шағым пайда болды. Порталға апелляциялық шағым 2024 жылғы 10 қаңтарда түскен, кейін судьяға берілген. Бірақ шағымды қай тарап бергені құпия болып қалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055228-raxat-turlyxanov-isi-boiynsa-apellyaciyalyq-sagymdy-kim-tusirgeni-malim-boldy/