jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Діни себеппен екпеден бас тартатындарға шара қолданыла ма: елордалық бас санитария дәрігері жауап берді

Екпе салу барысы
Екпе салу барысы. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанадағы КҚ брифингінде елордалық бас санитария дәрігері қызылшаға қарсы екпеден бас тартатын ата-аналарға қатысты шара қолданыла ма деген сұраққа жауап берді. Маман заңнамада мұндай жағдай қарастырылмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жоқ, бізде мұндай әкімшілік шаралар заңнамалық тұрғыдан бекітілмеген. Жалғыз айта кетерлігі, әрине, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Әрбір емхана вакцинациядан бас тартқан барлық ата-ананы біледі. Қала емханаларына түсіндіру жұмыстарын мұқият жүргізу ұсынылды", - дейді Астана қаласының санитария дәрігері Сархат Бейсенова.

Ол ата-аналармен әңгіме жүргізу шаралары тұрғындардың екпеден бас тарту себептеріне байланысты жүргізілетінін айтты. Себебі біреулер қызылшаға қарсы екпені діни наным-сенім тұрғысынан салдырмаса, тағы біреуі "әлеуметтік желілерде оқығандарына" байланысты бас тартады.

"Егер бұл діни себептерге байланысты болса, онда теологтарды, мешіт қызметкерлерін шақыра отырып түсіндіреміз, ал әлеуметтік желілердегі әдебиеттерді оқыса, онда, әрине, біз қажетті әдебиеттер мен деректерді келтіре отырып, ата-аналарға түсіндіреміз.

Бүгінгі таңда біз бас тартқандармен жүргізе алатын жалғыз шара - вакцинацияның қажеттілігі мен тиімділігін дұрыс түсіндіру. Әрине, бүгінгі таңда бас тартқандарға әкімшілік жаза қарастырылмаған", - деп толықтырды санитария дәрігері.

Айта кетейік, 2023 жылдың аяғында ЮНИСЕФ Қазақстанды қызылша ауруының таралуы бойынша рейтингте бірінші орынға қойған.

Діни себеппен екпеден бас тартатындарға шара қолданыла ма: елордалық бас санитария дәрігері жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.