Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысының жолдарын камерасы бар патрульдік көліктер бақылайтын болады

Опубликовано:

полиция көлігі
Полиция көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы облысындағы жолдарды арнайы камералармен жабдықталған полиция көліктері бақылайды. Олар жол жүру ережесін бұзғандарды тіркеп отырады. Бұл туралы Kazinform агенттігі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы блыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында 20 қызметтік көлікке арнайы құрылғы орнатылған.

"Аппараттық-бағдарламалық кешен фото және видео жазуға, көлік құралдарының жылдамдығын өлшеуге, көліктің мемлекеттік нөмірін тануға, жалпы көлік апатына әкелетін жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды анықтауға арналған", - деп атап өтті Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

Агенттіктің жазуынша, құрылғы жолдағы және тұрақтағы көліктердің нөмірін автоматты түрде таниды, алынған деректер Бас прокуратураның жанындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне жіберіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055317-almaty-oblysynyn-zoldaryn-kamerasy-bar-patruldik-kolikter-baqylaityn-bolady/

pixel