Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Крещение мерекесі: Астанада шомылу рәсімі қай орындарда өтеді

Опубликовано:

Крещение мерекесі кезінде жаппай суға түсу рәсімі
Крещение мерекесі кезінде жаппай суға түсу рәсімі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада 18-19 қаңтар күндері барлық православие шіркеуінде Крещение мерекесі өтеді. Осы орайда елорда әкімдігі мереке кезіндегі жаппай шомылу рәсімі қай орындарда өтетінін жариялады.

Әкімдіктің мәліметінше, Крещение мерекесі кезіндегі рәсім 18-19 қаңтарда Астана қаласының барлық православие шіркеуінде өтеді. Олар: Успен кафедралды соборы (Күйші Дина көшесі, 27), Константин-Еленин шіркеуі (Республика даңғылы, 12), Серафим Саровтың шіркеуі (Бөгенбай батыр даңғылы).

"Есіл өзеніндегі мұздың қалың болмауына байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің ұсынысы негізінде шомылатын орындар Есіл өзенінің сол жағалауындағы орталық жағажайда орналастырылды.

Жаппай шомылуға арналған ойықтар Есіл өзеңінің сол жағалауындағы "Астана" саябағының жағалауында (орталық жағажай) жабдықталды.

Шомылатын орындар 18 қаңтар сағат 19:30-дан бастап 19 қаңтар сағат 02:00-ге дейін қолжетімді болады. Сондай-ақ жаппай шомылу 19 қаңтар таңғы 08:00-ден сағат 23:00-ге дейін жалғасады", - дейді әкімдік өкілдері.

Діни рәсім барысында Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Суда құтқару қызметі және полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ шомылу орындарында жедел жәрдем бригадалары кезекшілік етеді.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік шараларын сақтауға және шомылу кезінде ауа райы құбылыстарын ескеруге шақырамыз", - деп қосты әкімдік өкілдері.

Сонымен қатар мамандар шомылуға арналған орындарда ғана суға түсуге шақырып, қауіпсіздік ережелерін еске салды.

  • купельдің жанында 3 адамнан артық тұрмау керек;
  • тек құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің бақылауымен суға түсу қажет;
  • суға түспес бұрын, денені қыздыратын жаттығу жасап, рәсімнен кейін денеңізді сүлгімен сүртіп, жылы киімдеріңізді киіп, ыстық шай ішкен жөн;
  • егер шомылу кезінде денсаулығыңыздың нашарлағанын сезсеңіз, дереу шомылу орнында кезекші дәрігерлерге хабарласу керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055332-kreshhenie-merekesi-astanada-somylu-rasimi-qai-oryndarda-otedi/

pixel