jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Бүгін мегаполистерде 32 градусқа дейін аяз түсетіні және қар жауатыны хабарланды

Қысқы серуендегі жұп. Көрнекі сурет
Қысқы серуендегі жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Дүйсенбіде, 15 қаңтарда Алматы мен Шымкентте қар жауады, ал Астанада 32 градус аяз болады. Бұл туралы "Газгидромет" метеоқызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Алматыда бүгін қар жауады және желдің секундына 2-7 метрге дейін аз күшеюі күтіледі. Күндіз ауа температурасы минус 3-5 градус, түнде минус 8-10 градусқа дейін төмендейді.

Сонымен қатар оңтүстік астанада тұман мен көктайғақ болатыны айтылған, бұл қалада ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.

Астана тұрғындарына қатты аяз болатыны ескертіледі - күндіз термометр бағаны минус 21-23 градусты көрсетеді, түнде елордада минус 30-32 градусқа дейін аяз болады. Астанада жауын-шашын болмайды, ал желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады.

Шымкентте Алматыдағыдай бүгін қар жауады және жел 8-13 м/с дейін күшейеді деп күтіледі, мегаполистегі ауа температурасы күндіз 0-ден минус 2 градусқа дейін, түнде минус 7-ден минус 9 градусқа дейін болады.

Еске салайық, Дүйсенбіде, 15 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде, соның ішінде Астанада мектеп оқушылары қашықтан оқытуға көшірілген.

Бүгін мегаполистерде 32 градусқа дейін аяз түсетіні және қар жауатыны хабарланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.