Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылы 21 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алған

Опубликовано:

Елге ұшып келген қандастар
Қандас. Көрнекі фото: ҚКО

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылы 21 325 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 128,3 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Министрлік тартқан мәліметке сүйенсек, өткен жылы Қазақстанға келген қандастардың:

  • 50,3 пайызы – Өзбекстаннан:
  • 21,5 пайызы – Қытайдан;
  • 10,2 пайызы – Моңғолиядан;
  • 9,2 пайызы – Түрікменстаннан;
  • 6,8 пайызы – Ресейден;
  • 2 пайызы басқа елдерден келген.

2024 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,2 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кіші 30,9 пайыз және зейнеткерлер 8,9 пайыз болған.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша:

  • 15,3 пайызы жоғары білімді;
  • 32,4 пайызы орта кәсіби білімді;
  • 44,3 пайызы жалпы орта білімді;
  • 8,3 пайызының білімі жоқ.

"Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін мына еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 2 337 қандас көшірілді, бұл 2023 жылға бекітілген квотаға сәйкес келеді.

Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (2023 жылы – 241,5 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (2023 жылы – 51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.

2023 жылы 2126 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 735 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 2126 адам біржолғы субсидия алды, ал 694 қандасқа тұрғын үй шығындары субсидияланды", - делінген ведомствоның мәлімдемесінде.

Сонымен қатар министрлік өкілдері ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданғанын еске салып өтті. Ол бойынша тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50 пайызы немесе бір отбасына 4 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055493-2023-zyly-21-mynnan-astam-etnikalyq-qazaq-qandas-martebesin-algan/

pixel