Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйеліне қол көтерген Рахат Тұрлыханов қамауға алынды

Опубликовано:

Рахат Тұрлыханов
Рахат Тұрлыханов. Фото: instagram.com/rakhat_turlykhanov

Әйеліне қол көтергені үшін ескерту алған азақстандық әнші Рахат Тұрлыхановқа берілген жаза өзгертілді. Әртіс 10 күнге әкімшілік қамауға алынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ Алматы соттарының Facebook парақшасына сілтеме жасап.

"Аталған материалды қарау барысында сот алқасы бұрын жұбайын бірнеше рет ұрып-соғу фактілерін ескеріп, бірінші сатылы соттың тағайындаған жазасымен келіспеді. Алматы қалалық сотының алқасы Алматы қаласының МАӘҚС қаулысын өзгерті.

ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-1-бөлігі – әкімшілік ескерту немесе 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны қарастырады. Сот алқасының қаулысымен Рахат Тұрлыхановқа қатысты жаза - ескертуден, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға өзгертілді", - делінген хабарламада.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Еске салсақ, 2024 жылғы 9 қаңтарда Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Рахат Тұрлыхановқа қатысты ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-1 бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралғаны туралы ақпарат тарады. Ол жұбайын ұрды деп айыпталған.

Алматыда бұл дерек бойынша сот отырысы өтті, алайда тараптар татуласып, іс тоқтатылған. Тұрлыхановқа ескерту түріндегі жаза белгіленген.

10 қаңтарда әнші мен әйелі Алтынай болған жайтқа қатысты видео үндеу жариялап, көпшілікке мән-жайды түсіндірді.

Алайда көп ұзамай Тұрлыхановтың ісі бойынша сот кабинетінде апелляциялық шағым пайда болды. Порталға апелляциялық шағым 2024 жылғы 10 қаңтарда түскен, кейін судьяға берілген. Бірақ шағымды қай тарап бергені құпия болып қалған еді.

Кейін апелляциялық шағымды прокурорлар түсіргені мәлім болды.

Ал бүгін, 16 қаңтарда Рахат Тұрлыхановтың ісі бойынша апелляциялық сатының отырысы өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055757-aieline-qol-kotergen-raxat-turlyxanov-qamauga-alyndy/

pixel