Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұман, көктайғақ: еліміздің бірқатар өңірінде күн райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды

Опубликовано:

Тұман басқан жол
Жол. Көрнекі фото: UGC

Күн райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазгидромет" жариялаған мәлімет бойынша, 17 қаңтарда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыс орталығында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Қызылорда қаласында 17 қаңтарда жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады деп болжанып отыр.

Ертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі деп болжанды. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында желдің екпіні 15-20 м/с. Шымкент және Түркістан қалаларында 17 қаңтарда түнде және таңертең кей уақытта тұман түседі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанды.

"Семей қаласы бойынша күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескерту жарияланады", - делінген синоптиктер болжамында.

17 қаңтарда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанып отыр. Алматы және Қонаев қалаларында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

Синоптиктер Өскемен, Риддер қалаларында болжанып отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескерту жарияланатынын атап өтті.

17 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады деп болжанды. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақтау қаласында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз оңтүстігінде көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Атырау қаласында 17 қаңтарда күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, екпіні 15-18 м/с болады.

17-19 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп болжанды. 17 қаңтарда түнде, 19 қаңтарда күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. 17 қаңтарда облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, 19 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. 17-19 қаңтарда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Тараз қаласында 17-19 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. 19 қаңтарда күндіз көктайғақ болады деп болжанды.

Ертең күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын болады деп болжанды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055856-tuman-koktaigaq-elimizdin-birqatar-onirinde-kun-raiynyn-nasarlauyna-bailanysty-eskertu-zariyalandy/

pixel