jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Павлодарда екі баланың анасы жоғалып кетті

қыз
Қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда екі баланың анасы 10 күннен бері іздестіріліп жатыр. 26 жастағы келіншек 8 қаңтардан бері жоғалып кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Instagram-дағы Poiskoviki_pavlodara_vita парақшасына сілтеме жасап.

2024 жылғы 8 қаңтарда Диана Сағынтаева Ертіс ауданы, Қызылжар ауылындағы үйінен Павлодар қаласына жұмыс істеу үшін шығып кеткен, содан бері хабарсыз кеткен.

"Белгілісі қыз қалаға таксимен сағат 21.00 шамасында келген және оқиға куәгердің (онымен бір көлікте келе жатқан жігіт) айтуынша, қыз көліктен Сәтбаев-Торайғыров көшелерінің қиылысына түсіруді сұраған.

Осыған дейін қыздың туыстарыл оның жоғалғаны жөнінде хабар таратқан"

Туыстарының сөзінше, Диананың кәмелетке толмаған екі баласы мен күйеуі бар.

Волонтерлер әлі де іздеу жалғасып жатқанын хабарлады.

Іздестіріліп жатқан адам
Іздестіріліп жатқан адам. Фото: instagram/poiskoviki_pavlodara_vita

"Егер сіз Диананың қайда екенін білсеңіз немесе сізде басқа да маңызды ақпарат болса, сізден біздің волонтер нөмірлеріне дереу хабарласуыңызды сұраймыз:

  • +7 (747) 615 55 63 Катерина
  • +7 (777) 334 82 01 Светлана", - делінген хабарламада.

Павлодарда екі баланың анасы жоғалып кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.