jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Елімізде талапкерлерге ҰБТ уақыты туралы еске салатын SMS жіберіледі

Емтихан тапсырып отырған талапкер
Емтихан тапсырып отырған талапкер. Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде ҰБТ-ға тіркелген талапкерлер тестілеудің күні, уақыты мен орнын еске салатын SMS-хабарламалар алатын болады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Facebook парақшасында хабарлады.

Ведомство ақпаратынша, ҰБТ-ға тіркелген әрбір талапкерге app.testcenter.kz ресми сайтына тіркелу кезінде көрсетілген телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберіледі. Сондай-ақ мұндай хабарламалар кәмелетке толмаған тестіленушілердің ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне де жолданады.

"ҰБТ тапсырушылар тестілеу өткізілетін күнді, уақытты және орынды ұмытып кетуі немесе шатастырып алуы мүмкін. Әсіресе, тіркелу барысында бірнеше рет өзгерту енгізетін талапкерлер арасында осындай жағдайлар кездеседі.

Бұл ретте тестілеуге қатысу үшін өтініш берген кезде талапкерлер өздері үшін қолайлы тест өткізу параметрлерін таңдауға мүмкіндігі бар екенін атап өткен жөн. Бірде-бір талапкер маңызды емтиханды жіберіп алмауы үшін Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ өткізілетін күннен бір күн бұрын әрбір тестіленушінің нөміріне SMS-хабарлама жібереді", - деді ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Еске салатын SMS-хабарлама қызметі тестілеу процесінің барлық қатысушылары үшін барынша айқындық пен ыңғайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, тестілеу туралы мәліметтермен талапкерлер ҰТО сайтындағы Жеке кабинетте немесе UTO қосымшасы арқылы таныса алады.

Елімізде талапкерлерге ҰБТ уақыты туралы еске салатын SMS жіберіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.