jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматылық ғалымдар ауаны тазартудың жаңа тәсілін ұсынды

Алматы қаласы
Алматы қаласы. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматылық ғалымдар ауаны тазартудың тың жолын ойлап тауып, зиянды заттарды бойына қарқынды сіңіретін ағаштың бірнеше түрін өсірмек. Бұл туралы Кazinform тілшісіне жоба жетекшісі Асқар Қалекешов айтты.

Жоба жетекшісі, ғалым-физиолог Асқар Қалекешовтың айтуынша, емен, арша, талшын ауадағы зиянды қалдықтар мен ауыр металды басқа ағаштарға қарағанда бойына тез сіңіреді.

"Фотосинтез процесінде бір емен ағашы шығарған оттегімен 4-5 адам тыныс алады. Жалпы еменнен гектарына 6-7 тонна оттегі газы бөлінеді. Шаң-тозаңды тазартуға келсек 1 гектардағы қылқан жапырақты ағаштар жылына 35-40 тонна, жапырақты ағаштар одан да көп 100-500 тонна зиянды заттарды бойына сіңіріп ауаны тазартып отырады.

Қылқан жапырақтылардың қысы-жазы жасыл өсімдік екенін ескерсек, ауаны тазартуда маңызды орынға ие. Қылқан жапырақтыларға жататын арша өсімдігі бойының орташа биіктігімен ерекшеленеді және мегаполистерде өсіруге өте қолайлы. Электр сымдары мен басқа да қала көрнекіліктеріне кедергі жасамайды", - дейді жоба жетекшісі Асқар Қалекешов.

Оның айтуынша, әсіресе талшынның қасиеті таңғалдырған, жапырақтарының құрамын тексеріп, зиянды қалдықтарды жақсы сіңіретініне көз жеткізген.

Қазір бұл жаңа әдіспен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің физиолог-генетиктері айналысып жатыр. Экологияны жақсартуға бағытталған ғылыми-өндірістік жұмыстар биыл көктемде басталады.

"Біз ғылыми-зерттеу жұмыстарымен 5 жыл айналыстық. Содан кейін осындай тоқтамға келдік. Біз қалада жасыл аралдар өсіруді жоспарлап отырмыз. Сонда өсімдіктер ауаны зиянды қалдықтардан табиғи жолмен сүзіп, тазартады. Бұл тәсіл аса тиімді. Қоршаған ортаның жағдайын айтарлықтай жақсартып қана қоймай, тұрғындардың денсаулығына да пайдалы болмақ", - дейді жоба жетекшісі Асқар Қалекешов.

Алматылық ғалымдар ауаны тазартудың жаңа тәсілін ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.