Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Африкалықтар Қазақстаннан бала асырап алғаны рас па: Смадияров пікір білдірді

Опубликовано:

Айбек Смадияров
Айбек Смадияров. Фото: t.me/pressmfakz

Бүгін брифингте сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұған дейін жарияланған Африка елдері Қазақстаннан бала асырап алғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Айта кетсек, өткен аптада сенатор Дархан Қыдырәлі Оңтүстік Африка, Кения, Филиппин, Мексика, Мальта, Аргентина және Гватемала елдерінде қазақ балаларын асырап алғанын хабарлаған болатын.

"Қазақ балаларын кейбір экзотикалық елдерге алып кетті деген ақпарат дұрыс емес, 90-жылдары біздің елде балаларды тек Батыс елдерінің өкілдеріне асырап алуға беру талабы болды. Батыс елдерінің азаматтары аталған елдерде дипломат болып жұмыс істеуі мүмкін. Біз мұндай елдерге (экзотикалық - ред.) балаларды жібермейміз", - деді Айбек Смадияров.

Сонымен бірге ол сенатордың Қазақстаннан асырап алынған кейбір балалар туралы еш хабар жоқ деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

"Біріншіден, шетел азаматтары асырап алған бала 18 жасқа толғанға дейін Қазақстан Республикасының азаматы болып қалады. Оны шетелдегі консулдарымыз арнайы бағдарлама бойынша қадағалап, көмек көрсетеді. 18 жасқа толған соң баланың өзі қай елдің азаматы болатынын өзі шешеді.

Егер ол 18 жасқа толғанға дейін осы елдің азаматтығын алса, шешім шыққаннан кейін біз ешқандай шара қолдана алмаймыз және осы жасқа дейінгі бала асырап алушылар консулға есеп беруі керек. Сондықтан балалар туралы ақпарат жоқ деген шындыққа жанаспайды, біз барлығына қатысты мәліметтерді жинаймыз", — деді Смадияров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056748-smadiyarov-qazaqstandyq-balalar-afrikaga-asyrap-aluga-ziberilgen-zoq/

pixel