Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде нәресте туған бойда оған ЖСН беру ұсынылды

Опубликовано:

Бүлдіршін
Бүлдіршін. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бүгін мәжіліс кулуарында бала туғаннан кейін бірден, алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру ұсынылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін мәжіліс кулуарында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды.

Соның ішінде жаңа туған балаға бірден жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру туралы заң жобасы қарастырылған.

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Екатерина Смышляева нәресте туғаннан кейін бірден, алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) тағайындауды ұсынды.

Осылайша нәрестенің жеке деректерін жоғалту қаупін алдын алу әрі алаяқтық, адам ұрлау сынды заңсыз әрекеттердің қаупін азайту көзделіп жатыр.

Депутат Марат Башимов Екатерина Смышляева мен Ішкі істер министрлігіне бұл үдеріс техникалық әрі бюрократиялық тұрғыда қалай жүзеге асады деген сұрақ қойды.

"ЖСН (баланың – ред.) туу туралы медициналық куәлігінде жазылады. Яғни баланың туылғаны жайлы дерек медициналық жүйеде тіркеледі, одан барып (олар – ред.) Ішкі істер министрлігіне жүгінеді, ал Ішкі істер министрлігі өз кезегінде дереу баланың туу туралы куәлігін шығарады. Біз бұл заң жобасына қажетті түзетулер енгізіп жатырмыз. Енді бұдан былай бала азаматтық түрде туылғанға дейін оның туылғаны туралы ақпарат әуелі цифрланып алынады, яғни аты-жөні көрсетілген азаматтық хал актілерін тіркеуге дейін нәрестеде ЖСН пайда болады.

Өзге сөзбен айтқанда, біз оны ертерек тіркейміз. Осылайша ол барлық цифрлық жүйеде көрсетіліп тұрады, сондықтан бұдан былай бала жоғалған жағдайда тергеу шараларының барлығы тиісті түрде заңға сәйкес жүргізіледі", – деді ол.

Сондай-ақ Марат Башимов Ішкі істер министрлігі өкіліне Қазақстан Республикасының аумағында туған шетелдіктерге ЖСН беріле ме, жоқ па деген сауал қойды.

"Балаға туу туралы куәлік берілгенге дейін оның жеке сәйкестендіру нөмірі анасының ЖСН-мен байланыстырылады. Шетелдіктерге келсек, Қазақстан Республикасының аумағында туған кез келген балаға автоматты түрде ЖСН беріледі. Статистикаға сүйенсек, біздің техникалық мүмкіндіктеріміз миллиондаған ЖСН шығаруға жеткілікті, ал Қазақстан аумағында туылатын шетелдік нәрестелер саны жылына тек 13 мыңға жуық. Сондықтан техникалық ақау болмайды", – деді түсіндірді ІІМ өкілі.

Аталған заң жобасы мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген және мемлекет басшысының кейбір тапсырмаларын орындауға бағытталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057219-elimizde-nareste-tugan-boida-ogan-zsn-beru-usynyldy/

pixel