jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстанға вейптерді әкелуге және таратуға тыйым салынуы мүмкін

Вейп
Вейп. Көрнекі фото: pixabay.com

Мәжіліс депутаттары Денсаулық сақтау мәселелері бойынша түзетулер шеңберінде темекі өнімдерін тұтынуды шектеу жөніндегі нормаларды қабылдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мәжілістің Telegram арнасындағы мәліметке сүйенсек, бұдан былай елімізге вейптерді әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынуы мүмкін. Олардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Атап айтқанда:

  • сатқаны үшін ең жоғары жаза – 50 тәулікке дейін қамауға алу;
  • әкеліп, таратқаны үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
  • қылмыстық топ жасаған не аса iрi мөлшерде жасалған, бiрнеше рет жасалған әрекеттер үшiн – 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделген.

Сонымен қатар медициналық қызметкерлерге емделушінің жеке ерекшеліктеріне қарай емдеудің оңтайлы әдістерін таңдау мүмкіндігін беру үшін медициналық көмек көрсету кезіндегі міндетті клиникалық хаттамаларды қолдану алынып тасталады.

Қазақстанға вейптерді әкелуге және таратуға тыйым салынуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.