Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылықтар түнде тағы екі жер сілкінісін сезді

Опубликовано:

Алматы қаласы
Алматы қаласы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

25 қаңтарға қараған түні алматылықтар екі жер сілкінісін сезді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық орталығының ақпаратына сілтеме жасап хабарлады.

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық орталығы сайтындағы мәлімет бойынша, бейсенбіде, 25 қаңтарға қараған түні қазақстандық сейсмологтар Қытайда бірқатар жаңа жер сілкінісін тіркеді.

Алматы тұрғындары оның екеуін, сағат 02:35 пен 04:21-де болған жерасты дүмпулерін сезген.

Бірінші жағдайда жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 258 шақырым жерде, екіншісінде 273 шақырым жерде орналасқан.

MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілген.

Еске сала кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында жер сілкінісі сезілді.

Жерасты дүмпулері әсіресе Алматы тұрғындарына қатты сезілді. ТЖД ақпаратынша, Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алматының кей аудандарының тұрғындары жер сілкінісі кем дегенде 5 минутқа созылғанын жеткізді.

Жер сілкінісінің қайталануынан қорыққан Алматы тұрғындары жаппай көшеге шықты.

Бастапқыда Алматыда түнде болған жер сілкінісінен 8 адам зардап шеккені белгілі болды. Кейін олардың саны 44-ке жеткені хабарланды.

Бүгінгі таңда Алматы облысында тағы бір жер сілкінісі тіркелген – Алматыда жер сілкінісі 2-3 балл шамасында сезілген. Кейінірек алматылықтар тағы да жерасты дүмпулерін сезінді. Түс қайта Алматы тағы да жер сілкінді.

Сондай-ақ желіде Алматыда зілзала кезінде қаланың биіктен түсірілген видеосы жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057390-almatylyqtar-tunde-tagy-eki-zer-silkinisin-sezdi/

pixel