jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Атырауда көпбалалы ана тұрғын үй кезегін қалпына келтіру үшін сотқа жүгінуге мәжбүр болған

Балаларын жетектеп бара жатқан әйел
Бала жетектеген әйел. Көрнекі фото: pexels.com

Атыраудың көпбалалы тұрғынын жергілікті шенеуніктер баспана кезегінен алып тастаған. Ашуланған әйел шенеуніктердің үстінен сотқа арызданып, жеңіп шықты, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Басылымның мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ақпаратына сілтеме жасап жазуынша, әйел кәмелетке толмаған бес баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр әрі жалдамалы үйде тұрады.

Заң бойынша тұрғын үйге мұқтаж көпбалалы аналар тіркеуден шығарылмайды. Осыған қарамастан, әйелді кезектен алып тастаған.

Мұны білген жалғызбасты ана тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қызметкерлерінің әрекетіне қарсы сотқа арызданған.

Соттың істі қарауы барысында тараптар медиациялық келісімге келді. Жауапкер бір ай ішінде әйелдің баспана кезегін қалпына келтіруге міндеттенді.

Соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Атырауда көпбалалы ана тұрғын үй кезегін қалпына келтіру үшін сотқа жүгінуге мәжбүр болған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.