jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Алматы метрополитеніндегі ақау қалпына келтірілді

Метро қызметкерлері
Метро қызметкерлері. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматылықтар бүгін таңертең метро станцияларының бірі жабық тұрғанына шағымданған еді. Әлеуметтік желілерде станция маңында жиналып тұрған бір топ адамның видеосы жарияланды. Кейін кәсіпорын өкілдері мән-жайды түсіндіріп, Алматы метрополитені штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Алматы метрополитені" КМК таратқан ақпаратқа сүйенсек, 26 қаңтар таңғы уақытта Райымбек бекетінде ақпараттық байланыс желісінің жұмысында ақау табылуына байланысты метро пойыздары қолмен басқару режиміне ауыстырылды.

"Осы орайда барлық бекеттерде пойыздардың жүріс интервалы уақытша ұзарды. Бұл метродағы жүру қауіпсіздігіне еш әсер еткен жоқ.

Мамандар жұмыс істеп, көп ұзамай үйреншікті интервал қайта қалпына келтірілді. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - делінген хабарламада.

Алматы метрополитеніндегі ақау қалпына келтірілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.