jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

"Қар, боран, көктайғақ": демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Қар
Көшедегі адамдар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 27-29 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Атап айтқанда, қар жауады, солтүстік және шығыс облыстарда боран соғады. Ал оңтүстік облыстарда қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын күтіледі.

29 қаңтарда оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын, көктайғақ, тұман түседі деп болжануда. Мамандар демалыс күндері температура фонында айтарлықтай өзгерістер болмайтынын атап өтті.

"Қар, боран, көктайғақ": демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.