jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді

Бердібек Соқпақбаев
Бердібек Соқпақбаев. Фото: t.me/Madeniet_aqparat_ministrligi

Биыл қазақ және балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл болады. Қаламгердің мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтпек. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қаламгердің 100 жылдығы тойлана бастады. Бердібек Соқпақбаевтың туған ауылы Нарынқолда еңселі ескерткіші бой көтереді. Сондай-ақ жазушының есімі бірқатар саябаққа, білім ошағы мен облыстық кітапханаға берілмек", - делінген министрліктің хабарламасында.

Шоқтығы биік қаламгер балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман ұсынды. "Менің атым – Қожа", "Балалық шаққа саяхат", "Өлгендер қайтып келмейді" туындыларында өзі өмір сүрген заманның шынайы келбетін суреттеді.

Айта кетейік, еліміздің руханиятына өшпес мұра қалдырған жазушының 100 жылдығына арналған алғашқы шара Алматы облысында бастау алды.

Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.