jitsu gif

Елордада өткен түні үш мыңнан астам жүк көлігіне тең қар шығарылған

Қар тазалау жұмыстары
Қар тазалау жұмыстары. Фото: Астана әкімдігі

Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Өткен түнде олар қаладан үш мыңнан астам жүк көлігіне тең қар шығарды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайтында.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 28 қаңтар күні таңертең елорда көшелерін қар мен мұздан тазартуға 2400-ден аса жол жұмысшы мен 1 500-ден астам арнайы техника шықты.

"Өткен түнде қаладан 42 228 текше метр қар шығарылды, бұл 3 200-ге жуық ауыр жүк көлеміне тең.

Қыс мезгілі басталғалы бері елордадан үш миллион текше метрге жуық қар шығарылды, ол үшін полигондарға 738 175 жүк көлігі рейсі жасалды", - делінген әкімдік таратқан хабарда.

Елордада өткен түні үш мыңнан астам жүк көлігіне тең қар шығарылған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.