jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Тұман, көктайғақ, боран: елдің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Боран
Боран. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

29 қаңтарда Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі.

29 қаңтарда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде түман күтіледі.

29 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұрман күтіледі.

29 қаңтарда күндіз Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман.

Алматы қаласында 29 қаңтарда күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақытта тұман.

29 қаңтарда Қызылорда облысының оңтүстігінде күндіз көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

29 қаңтарда Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

28 қаңтардың сағат 21.00-ден 29 қаңтардың сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

29 қаңтарда Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Қостанай қ.: 29 қаңтарда тұман күтіледі.

29 қаңтарда Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкентте 29 қаңтарда кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр басымырақ) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

29 қаңтарда Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

29 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде тұман күтіледі.

29 қаңтарда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 29-31 қаңтарда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 29-31 қаңтарда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде 29 қаңтарда, тәулік бойы 30-31 қаңтарда екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тұман, көктайғақ, боран: елдің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.