Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды
Жарияланған күні:
Еліміздің бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың қамаудағы мерзімі ұзартылды. Бұл жөнінде Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Сот хабарына сүйенсек, 12 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Марат Бекетаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 ақпанға дейін ұзартуға санкция берді.
Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған еді.
23 қазанда Антикор ұсталған адамның бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев екенін растады.
Кейін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты бұрынғы Марат Бекетаевқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын хабарлады.
Марат Бекетаев Әділет министрлігін 2016 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы 5 қаңтарға дейін басқарған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058082-qazaqstannyn-buryngy-adilet-ministri-marat-beketaevtyn-qamauda-ustau-merzimi-uzartyldy/