Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қауіпті қоршау: Алматы облысында ауыл тұрғындары сібір жарасын жұқтырудан қорқады

Опубликовано:

Ақтерек ауылындағы қоршау
Ақтерек ауылындағы қоршау. Фото: almaty.tv

Адам өмірі үшін қауіпті сібір жарасын жұқтырғандардың заттары көмілген жер ауылдың қақ ортасында тұр. Алматы облысы Жамбыл ауданына қарайтын Ақтерек ауылының тұрғындар оны көшіруді талап етіп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv арнасы.

Ақтерек ауылының тұрғындарының айтуынша, қақ ортасындағы биіктігі 2 метр ғана болатын беті ашық қоршауда сібір жарасын жұқтырғандардың құрал-сайманы сақталған. Сондықтан ақтеректіктер мал шаруашылығымен күнелтіп отырған 4 мыңға жуық халықтың індет жұқтырудан қорқады.

"Қасында балабақша тұрғаннан кейін шырылдадым. Неге десеңіз барлығымызда да бала бар ғой. Мынаны не үшін қойды мына жерге? Кім кепілдік бере алады? Балаларға жұғады ғой. Қараңызшы ана жерде балалар өтіп жатыр", – деді Жамбыл ауданының тұрғыны Жадыра Жаңабаева.

Қоршауға жақын орналасқан балабақша өкілі бүлдіршіндерге келер қауіп жоқ дегенді айтады.

"Ешкім ескерту берген жоқ. Балабақша 2016 жылы ашылды, 8 жыл жұмыс істеп келеді", – деді балабақшаның өкілі Темірлан Шәйнүсіпов.

Ал жергілікті билік өкілдерінің сөзінше, бұл жерде мал өлексесіінң көмілгені дәлелденбеген.

"1977 жылы мұнда қойма орналасқан. Тұрғындардың сөзінше, ауылдың тұрғыны басқа бір жерден сібір жарасын жұқтырып келген. Сол кісінің барлық қолданған заты, дүниесі осы жерде қоймада сақталған. Осы жерде жойылған. Бұны басқа жерге көшіруге болмайды", – деді Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ақниет Тұматаев.

Телеарна мәліметінше, Алматы облысы бойынша осындай сібір жарасы көмілген 87 орын бар. Оның 29-ы Жамбыл ауданында. Алайда ауданнан келген әкімдік өкілдері ол көмінділерден келер қауіп жоқ деп сендірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058117-qauipti-qorsau-almaty-oblysynda-auyl-turgyndary-sibir-zarasyn-zuqtyrudan-qorqady/

pixel