Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның 12 облысында дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Қар жауып тұр
Қар жауып тұрған сәт. Көрнекі сурет: Cem Genco/Getty Images

Ауа райының нашарлауына байланысты 31 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде дауылдық ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

31 қаңтарда Астанада қарлы боран соғады.

Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау облысының басым бөлігінде түнде бұрқасын, күндіз облыстың шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының басым бөлігінде бұрқасын мен тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады. Облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының түнде оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысына тұман түседі.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында бұрқасын болады.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058329-qazaqstannyn-12-oblysynda-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel