jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

"Түсіністікпен қарауды сұраймыз": Алматы полициясы көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Кептелістегі көліктер
Кептелістегі көліктер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы полиция департаменті 1-2 ақпан күндері қаланың кейбір көшелерінде көлік қозғалысына шектеулер енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Өйткені осы күндері Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы қаласында осы жылдың 1-2 ақпанында Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей үкімет басшыларының және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы төрағасының қатысуымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді.

Сонымен қатар дәстүрлі түрде жыл сайынғы Digital Almaty форумы өткізіледі.

Осыған орай, шараның ауқымы мен қонақтардың санын ескере отырып, Алматы полиция департаменті 1-2 ақпанда мына көшелердегі көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізілуі мүмкін екенін хабарлады:

  • 1 ақпанда Әл-Фараби даңғылы, ШААЖ, Құлжа тас жолы, Саин, Шаляпин, Майлин, Бұқтырма көшелерінің аймағында;
  • 2 ақпанда Әл-Фараби, Сейфуллин даңғылдары, Саин, Жароков, Шаляпин көшелерінде.

"Айта кету керек, жол шектеулері қоғамдық көліктердің жұмысына әсер етпейді", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері уақытша шараларға түсіністікпен қарауды және кептелістерді болдырмау үшін бағыттарды алдын ала реттеуді өтінді.

"Түсіністікпен қарауды сұраймыз": Алматы полициясы көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.